

Дуалды оқыту – заманауи білім берудің негізі
25 қаңтар 2021
ИнЕУ-дегі «DIARKAZ» жобасының жетекшісі Қадырова Ақмарал Сәтбекқызы «Ertis» телеарнасының, «Сарыарқа Самалы» газетінің тілшілерімен кездесіп, «HALYQ RADIOSY»тікелей эфиріне қатысты (Павлодар, Казахстан).
Ақмарал Сәтбекқызы дуалды оқытудың басымдығы неде екенін егжей-тегжейлі айтып берді, студенттер тәжірибе алатын кәсіпорындарды атады. Университеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастық экономикалық және әлеуметтік даму мақсаттарына жету үшін қажетті адами және инфрақұрылымдық әлеуетті жаңартуға негіз болады. Осылайша, жақын болашақта облыс уақыт талабына сай жаңа буынның білікті мамандарымен толығатын болады.
Павлодардағы мемлекеттік телеарнада DIARKAZ жобасы туралы репортаж көрсетілді
22 қаңтар 2021
Павлодардағы мемлекеттік телеарнада DIARKAZ жобасы туралы репортаж көрсетілді.
Инновациялық Еуразия университеті жобасының жетекшісі Ақмарал Қадырова осы білім беру бағдарламасында дуальді білім берудің мүмкіндіктерін қалың жұртшылыққа ұсынды.

Дуальды білім беру бағдарламасын талқылау
13,18 қаңтар 2021
13 қаңтарда, сәрсенбі күні FHJ профессоры Хохриннердің қазақстандық жоғары оқу орындарының дуалды білім беру бағдарламасын әзірлеушілермен кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстанның жалпыға міндетті білім беру стандарттары және ҚИНЭУ, ИНЕУ және БҚАТУ оқу жоспарларына қатысты мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды. Өз кезегінде, FHJ, DHBW және UNS әріптестері 18 қаңтарда кездесу өткізіп, онда қазақстандық әріптестердің оқу жоспарлары бойынша сұрақтар түсіндірілді және № 1 жұмыс пакеті бойынша одан әрі жұмыс жоспары жасалды.

E+ жоғары білім беру жобаларының Орталық Азиядағы әлеуетті арттырудың (CBHE) әсері туралы аймақтық кластерлік кездесу
19-20 қараша 2020
2019 жылы басталған жоғары оқу орындарындағы әлеуетті арттыру жобасының үйлестірушісі ретінде (DIARKAZ), проф. Мирко Савич Орталық Азиядағы E+ Жоғары білім беру (CBHE) әлеуетін арттыру жобаларының әсері туралы аймақтық кластерлік кездесуге шақырылды. Отырысқа Орталық Азиядан 100-ден астам үйлестірушілер мен серіктестер қатысты.
Кластерлік кездесуді Өзбекстандағы Erasmus+ (NEO) ұлттық кеңсесі мен Атқарушы Агенттік (EACEA), Еуропалық комиссиямен және Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы және Түркіменстандағы Erasmus+ ұлттық кеңселерімен бірлесіп ұйымдастырды.
DIARKAZ жобасының өкілдері кластерлік жиналыстың екінші күніне шақырылды (20 қараша, 2020 ж.). Еуропалық Одақ қаржыландыратын білім беру саласындағы аймақтық ынтымақтастық туралы презентациядан кейін пленарлық отырысқа қатысушылар COVID-19 пандемиясын оқшаулау кезіндегі жобаларды басқару мәселелерін талқылады. Бұл жаңа ортадағы түрлі стратегиялар мен басқару әдістеріне шолу жасап, қорытынды жасауға жақсы мүмкіндік болды.

"Арыз беру және құжаттарды қабылдау тәртібі" вебинары
12.11.2020
2020 жылдың 12 қарашасында FH Joanneum университетінің профессоры Хельге Хохринер «Арыз беру және құжаттарды қабылдау тәртібі»тақырыбында вебинар өткізді. Ол вебинарға қатысушыларға талапкерлердің әдеттегі жағдайда және пандемия кезінде дуальды білім беру бағдарламасына түсу процесінің барлық кезеңдерін анық көрсетті.FH Joanneum Австриядағы екінші ірі қолданбалы ғылым университеті екенін атап өткен жөн. Мұнда 4600-ге жуық студент оқиды. Қолданбалы университет ретінде олар студенттерге практикаға бағытталған, күндізгі немесе сырттай оқу нысандарын, сонымен қатар пәнаралық бағыттағы бірлескен бағдарламаларды ұсынады. FHJ академиялық білім мен практикалық дайындықты үйлестіреді. Австриялық әріптестердің көп жылдық тәжірибесі қазақстандық серіктестерге өте қызықты, әрі талапкерлерді «Өнеркәсіптік автоматтандыру және робототехника»білім беру бағдарламасына қабылдауды ұйымдастыруда пайдаланылатын болады.

«Дуальды жоғары білім берудің үздік тәжірибелері» онлайн-семинары
10.10.2020
2020 жылдың 10 қарашасында Баден-Вюртемберг Кооперативті Мемлекеттік Университеті (Duale Hochschule Baden-Württemberg / DHBW) DIARKAZ жобасының серіктестері үшін онлайн-семинар өткізіп, қосарлы білім беру бағдарламаларын құру және енгізу тәжірибесімен бөлісті.
Баден-Вюртембергтің Кооперативті Мемлекеттік Университеті – Германияда өндірістік оқыту мен академиялық зерттеулерді біріктіретін алғашқы жоғары оқу орны, сондықтан ынтымақтастық білім берудің ажырамас бөлігі болып табылатын теория мен практиканың тығыз интеграциясын қамтамасыз етеді. 34,000 студенттері, 9000 серіктес компаниялары және 145,000 түлектері бар DHBW Германияның Баден-Вюртемберг федералды штатындағы ең ірі жоғары оқу орындарының бірі болып саналады.
Сондай-ақ онлайн-семинарға DUALSCI жобасының командасы қатысты, оның мақсаты Босния мен Герцеговинадағы академиялық білім мен бизнесті біріктіру болып табылады. Осындай жобаларды іске асыратын университеттермен ынтымақтастық және дуальды білім беруді енгізу саласындағы мамандардың сараптамалық қолдауы қажетті синергетикалық әсер туғызады.

Ақпараттық технологияларды және білім беруді дамытудың XI Халықаралық конференциясында (ITRO 2020) «Қазақстандағы өндірістік автоматика және робототехникаға арналған дуальды білім беру (DIARKAZ)» жобасының жарнамалық есебі, 30 қазан 2020 ж., Нови-Сад университеті, «Михаило Пупин» техникалық факультеті Зренянин, Сербия
30.10.2020
Бұл жоба тобының мүшелері, профессорлар Элеонора Десница мен Милан Николич үшін онлайн-платформа арқылы конференцияға қатысушылар арасында «Қазақстандағы өнеркәсіптік автоматтандыру және робототехника үшін дуальды білім беру (DIARKAZ)» жобасын таныстырып, алға бастыруға мүмкіндік болды.
Олар жобаны, серіктестерді, жобаның негізгі мақсаттары мен іс-шараларын таныстырып өтті.

Павлодар облысының түлектері үшін онлайн Эдвайзер көрмесі
23.10.2020



Басқару комитетінің № 3 отырысы
23.10.2020
Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық жоспарланған сапарлар белгісіз уақытқа шегерілді.
Erasmus Days 2020
16.10.2020

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да өткен «Қазақстандағы өндірістік автоматика және робототехника үшін дуальды білім беру / DIARKAZ» халықаралық жобасының презентациясы.
15.10.2020




2020 жылдың 5 қазанында Эразмус + апталығы аясында Нови-Сад Университетінің экономика факультетіндегі жобалармен танысу өтті.
06.10.2020
Осыған орай студенттерге, профессорларға, ассистенттерге және экономика өкілдеріне алдыңғы жұмыс нәтижелері және болашақтағы жобалық іс-шаралар жоспары ұсынылды.

«Қосарланған жоғары білім беру» вебинары
28-29.09.2020
28 және 29 қыркүйекте DIARKAZ жобасының қатысушылары LaTFURE жобасы аясында FH Joanneum және DHBW әріптестері ұйымдастырған «Қосарланған жоғары білім беру» тақырыбындағы вебинарды тыңдады. Вебинар 4 модульден тұрды, атап айтқанда:
- Дуальды оқытудың концептуалды-теориялық негіздері;
- Дуалды оқытуды жүзеге асыру;
- Дуальды білім беруде оқыту және оқу;
- Дуалды білім берудегі сапа кепілдігі және бағалау.

«Қазақстандағы өндірістік автоматтандыру және робототехника бойынша дуальды оқыту» вебинары
08.09.2020

DIARKAZ басқару комитеті мүшелерінің онлайн-кездесуі
24.06.2020
Қазақстанның серіктес жоғары оқу орындары жұмыс берушілермен кездесулер туралы және индустриалды автоматика мен робототехника бойынша қосарлы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жоба нәтижелерін тарату және пайдалану бойынша алдағы жоспарлар туралы есеп берді.
COVID-19-ға байланысты жобаға түзетулер енгізілді, бірақ жобаның консорциумы оптимистік және белсенді қалпын ұстап тұр. Қыркүйек айында FH Joanneum австриялық әріптестерден қосарланған оқыту вебинарын өткізу жоспарланған. Алдағы жаңалықтарды өткізіп алмаңыз.

«Дайындау және ұйымдастыру технологиясы» дуальды оқыту бағдарламасының процессі» вебинары
16.05.2020

ҚИнЭУ жұмыс берушілермен онлайн-кездесу өткізілді
16.05.2020
Кездесуге жоба серіктесі «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, Корпоративтік университет басшысы Олкинян Л.Ю., Первоналды оқыту және дамыту орталығының басшысы Аубакирова М.Б., бас механик Щербаков М.А., БӨҚжәнеА инженерлері Макаев С.Т., жобаның ассоциацияланған серіктестері Қазақстандық автоматтандыру және робототехника ассоциациясының президенті Туреханов В.Б. және Festo AG&Co компаниялар тобының оқу бөлімшесінің директоры Кусков С.О. қатысты.




2020 жылғы 13 мамырда 11.00-де Еуразия Инновациялық Университетінде DIARKAZ жобасы зерттеушілерінің жұмыс берушілермен онлайн-кездесуі өтті.
15.05.2020




2020 жылдың 23 сәуірінде Инновациялық Еуразия университетінде онлайн режимінде өткен «ХХІ ғасырдағы ғылым және білім: еуразиялық кеңістіктегі даму серпіні» V Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «Қазақстанда /DIARKAZ өндірістік автоматтандыру және робототехника бойынша дуальды білім беру» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.
24.04.2020
Секция модераторы, PhD докторы Дарья Абыкенова ИнЕУ-де қолданылатын цифрландыру және сандық технологиялар туралы әңгімелеп, Siemens компаниясымен Қазақстан Республикасындағы автоматика және робототехника саласындағы оқытушылардың бірлескен біліктілігін арттыру саласында мүмкін болатын ынтымақтастық туралы егжей-тегжейлі айтты.
Педагогика ғылымдарының кандидаты Тамара Салий және доктор PhD Алмагул Асайынова жобаға «Автоматика және робототехника» жаңа білім беру бағдарламасын ұсынды. Жиынтық осы жылға жоспарланған.
Конференцияның онлайн-форматына қарамастан, Қазақстандағы индустриалды автоматика және робототехника үшін дуалды білім беру саласындағы негізгі мәселелерді талқылауға, тәжірибе мен ұсыныстармен алмасуға мүмкіндік туды.

1 сәуірде Локалдық комитет мүшелерінің онлайн-отырысы өткізіліп
01.04.2020
Covid-19 пандемиясы жобалық жұмыстың жоспарына өзгерістер енгізді, алайда жоба командасы онлайн кездесіп, маңызды мәселелерді, атап айтқанда оқу бағдарламасының бірінші нұсқасын әзірлеу, оны жұмыс берушілермен талқылау және аккредиттеу рәсімі жөніндегі мәселелер бойынша шешім қабылдады.

ИНЕУ-де Сименс компаниясының цифрлық өндірісі бойынша топ жетекшісімен кездесу
16.03.2020
Кездесу барысында жаңа білім беру бағдарламасы егжей-тегжейлі талқыланды, автоматтандыру және робототехника саласындағы түлектердің игеруі тиіс құзыреттері, болашақта студенттерге қандай мүмкіндіктер ашылуы және болашақта компаниямен өзара әрекеттесудің қандай форматтары болатыны талқыланды.
Бүгінгі таңда ЖОО қуатты теориялық базасы бар. Дегенмен, мансабын, әсіресе автоматтандыру және робототехника саласында дамытуды жоспарлаған түлек үшін өз саласындағы практикалық дағдылар жайында ойлану қажет.
Білім беру ұйымдарымен серіктестік бағдарламалар студенттерге тиісті тәжірибе мен нақты еңбек жағдайларын түсінуге мүмкіндік береді.

Қазақстан мен Siemens AG корпорациясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою
16.03.2020
Sitraining оқыту орталығы Павлодарда ЖОО, колледждер мен мектептер үшін Siemens қатысуымен «Взаимодействие с образованием на пути к Industry 4.0» семинарын өткізді.
ИНЕУ жобасының қатысушылары Алмагуль Асаинова мен Дария Абыкенова корпорация өкілдеріне Erasmus+ (DIARKAZ) халықаралық бағдарламасы бойынша «Автомпаттандыру және робот техникасы бойынша дуалды оқыту» жобасы туралы әңгімелеп берді.

Халықаралық білім жәрмеңке, 4-5 наурыз, 2020, Нови Сад, Сербия
05.03.2020
Ол жобаның мүдделі тараптарымен, жоба серіктестерімен, жобаның негізгі мақсаттарымен және жобаның негізгі қызметімен таныстырды.

Бастапқы кездесу
06.02.2020
Қосарлы жүйе – бұл кәсіпорындар мен оқу орындары арасындағы тығыз өзара әрекеттестік негізінде білікті жұмысшыларды даярлаудың ерекше түрі. Қосарлы білім беру жүйесіндегі оқытудың негізі кәсіптік білім беру ұйымдары негізінде теориялық дайындық пен тікелей кәсіпорында практикалық дағдыларды игеру болып табылады.
Бұл жұмысқа жобаның барлық консорциумы қатысты: Нови Сад университетінің өкілдері (Сербия, жобаның грант иегері), FH Joanneum Gesellschaft M.B.H. (Австрия), Duale Hochschule Baden-Württemberg (Германия), М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті (жобаның елдік координаторы), Инновациялық Еуразия университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық-университеті, «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, Festo AG & CO компаниялар тобы және Erasmus + Қазақстандағы ұлттық кеңсесі.
Бұл жобаның мақсаты – компаниялармен және басқа мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастық арқылы осы саладағы бар олқылықтарды толтыру, Қазақстанда халықаралық бағдардағы тұрақты қосарлы білім беру бағдарламасын құру (жоба бағдарламалар жүзеге асырылатын елдердің мекемелерімен ынтымақтастық негізінде жасалады) және индустриалды автоматика және робототехника бойынша Орталық Азия аймағында көшбасшы болу.
Жоба мұғалімдердің біліктілігін арттыру, оқу жабдықтары мен бағдарламалық қамтамасыздандыру, университеттер арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ академиялық емес және ассоциацияланған серіктестермен ынтымақтастық және білім мен тәжірибе алмасу арқылы осы мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті адами және инфрақұрылымдық әлеуетті жаңғыртуға негіз болады. Жоба нәтижелерінің тұрақтылығы ұлттық және аймақтық деңгейде тұрақты әсер етуді қамтамасыз етеді.
Өткен кездесулердің нәтижелері бойынша жобаның кезеңдері мен шарттары, әр серіктестің жауапкершілік саласы және күтілетін нәтижелер нақты анықталған. Консорциум жағымды көңіл-күйге ие болып, DIARKAZ жобасын белсенді түрде бастады.